Verigram клиенттерінің тарихы
Банктер, МҚҰ, телеком және ритейлдегі 70+ корпоративтік клиент онбординг уақытын бір минутқа дейін қысқартты.
Онбординг кезіндегі верификация — үш елде
Amway Verigram-ды үш елдегі онбординг үшін қолданады — Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолия. Жаңа пайдаланушы биометриямен верификацияланады: бет-әлпет құжатпен салыстырылады, Liveness алмастырудың жолын кеседі.
400+ бөлімшеде кепіл билеттері қағазсыз
Birinshi Lombard-тың 400+ бөлімшесінде кепіл билеттеріне қағазсыз қол қойылады: клиент верификациядан өтеді, құжатты бұлттық ЭЦҚ куәландырады.
Наряд-тапсырмаға цехта телефоннан қол қояды
Verigram ERG үшін жеке куәландырушы орталық құрып, қол қоюды құжат айналымына енгізді. Жұмысшы наряд-тапсырмаға онлайн, телефоннан, тікелей жұмыс орнында қол қояды — қағазсыз.
Клиент онбордингі — бір минутта
Halyk Bank — Қазақстандағы ең ірі банк, бөлшек клиенттері — 11,6 млн. Жеке тұлғаларды қашықтан онбордингтен өткізу: құжаттарды тану, биометрия және Liveness — бөлімшеге бармай-ақ.
Кеңсеге бармай-ақ қарыз беру
MoneyMan — онлайн-МҚҰ: өтінім мен шешім — телефонда, санаулы минутта. Қарызды үйден отырып-ақ алады: өтінімнен қол қойылған шартқа дейін — бір сеанс, кеңсеге барудың қажеті жоқ.
Қарыз алушыны тіркеу және KYC — онлайн
Solva — Қазақстандағы ең ірі онлайн-МҚҰ-лардың бірі («ОнлайнКазФинанс» АҚ, KASE листингі). Қарыз алушы онлайн тіркеледі: биометрия қарыз алушының жеке басын растап, реттеушінің KYC талаптарын жабады, шартқа бұлттық ЭЦҚ арқылы қол қойылады.
Абонентті тіркеу — 15 минут емес, бір минут
Tele2 (Tele2 және ALTEL брендтері, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС) жаңа абоненттерді дилер қосымшасында тіркейді. Паспортты тану мен биометрия рәсімдеуді ~15 минуттан ~1 минутқа дейін қысқартты.
Кейстерді клиенттердің рұқсатымен жариялаймыз. Салалық референстер қажет болса, менеджерге хабарласыңыз.
Бүкіл клиенттер базасы бойынша нәтиже

Клиенттерді бір минутта тексеруге дайынсыз ба?
Платформаны сіздің сценарийлеріңізде көрсетеміз, интеграцияны бағалап, тестілік қолжетімділік береміз.
- Интеграция — 3 күннен бастап
- Web және мобильді SDK қолдауы
- Сценарийге дайын сервистер
99,9% uptime SLA · 24/7 қолдау